Джей Лоның Алматыдағы концерті ақыры Орталық стадионда өтетін болды

  • AstanaTV
  • 27 мамыр 2025
  • 160
Джей Лоның Алматыдағы концерті ақыры Орталық стадионда өтетін болды
Фото: instagram.com/onthejlo

Әлемге танымал жұлдызды әнші Дженифер Лопестің Алматыдағы концерті ақыры Орталық стадионда өтетін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматыдағы Орталық стадионда 9 немесе 10 тамызда ел біріншілігінің күнтізбесіне енгізілген «Қайрат» пен астаналық «Жеңіс» командалары арасындағы матч өтуі тиіс еді. Осыған байланысты клуб әлемдік поп-жұлдыз Дженнифер Лопестің концертін аталған күндері өткізу мүмкін еместігін мәлімдеген болатын.

Алайда ұйымдастырушылармен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде «Қайрат» стадионды концерт өткізу үшін босатуға келісті. Қазақстан премьер-лигасының «Қайрат» – «Жеңіс» кездесуі 21 қыркүйекке ауыстырылды.

Сонымен қатар, «Қайрат» футбол клубының 7 және 12 тамызға белгіленген еурокубоктық ойындары өзгеріссіз қалады және алдын ала жарияланған кесте бойынша өтеді.

«Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертіне билеттер ертең (28 мамыр) сатылымға шықпақ. Билеттер сатылымының басталуы: сағат 10:00-де. Концерт 10 тамыз күні Алматының Орталық стадионында өтеді», - деп жазды ұйымдастырушылар.