Роза Рымбаева сүйінші жаңалығын жеткізді

  • AstanaTV
  • 31 мамыр 2025
  • 149
Роза Рымбаева сүйінші жаңалығын жеткізді
Фото: instagram.com/aliokapov

Халық әртісі, әнші Роза Рымбаева ұлдары Әли Оқапов және Мади Рымбаевпен бірге жаңа ән жазып, жарыққа шығарды , - деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Esimde" деп аталатын әнге бейнебаян да түсірілген.

Әннің музыкасын Әли Оқапов, ал сөзін Али Сражадин жазған. Бейнебаян режиссері – Эрнест Зиядинов. 

Желі қолданушылары әншілердің өнерін ғана емес, бейнебаяндағы көріністі те жоғары бағалап жатыр.