Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда 8 жастағы бала жоғалып кетті

  • AstanaTV
  • 10 шілде 2017
  • 2858

Қостанайда бір аптадан бері 8 жастағы бала іздестіріліп жатыр. 4 маусым күні ойнауға сұранып кеткен Игорь Коцкий үйіне әлі оралған жоқ. Баланың ата-анасы дереу полицейлерге хабарласып, ішкі істер бөліміне арыз жазған. Игорьді іздеуге жүзге жуық полицеймен қатар екі жүзге тарта ерікті кірісті. Олар 1 аптадан бері шаһарды шарлап, тұрғындарға парақшалар таратып жүр. Жеткіншектің суреті әлеуметтік желілер мен жергілікті басылымдарға жарияланды.  Балғынды іздестіруге Рудный қаласынан келген еріктілер де ат салысып жатыр.

Екатерина Корчагина, ерікті:

Қала шетіндегі саябақтарды, Затобол мен Заречный кентін шарлап шықтық. Қостанайдың біраз жерінен іздеп көрдік.  Ааман болса екен деп үміттенеміз. Және оның табылатындығына сенеміз. Өйткені суға батып кетті деген болжам  жоққа шығарылды. Судан оны тапқан жоқ.

Баланы іздеп жатқандардың бірнеше  болжамы бар. Біреулер оны шаһар шетіндегі дүкендердің бірінен көргендігін айтқан. Бәзбіреулер жеткіншекті бейтаныс еркек жетектеп бара жатқандығын хабарлаған. Бірақ бұл ақпарды  құзырлы органдар ресми растаған жоқ. Еске салайық, екі апта бұрын Қостанайда жоғалған 10 жастағы Ришат Харикоғлының денесі Тобыл өзенінен табылған болатын. Полицейлер бұл оқиға қайталануы мүмкін деп болжайды.

Айдар Бекназаров, Қостанай облыстық прокуратурасы баспасөз қызметінің өкілі:

Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Баланың суға батып кетуі мүмкін деген болжам да бар. Тағы бірнеше  болжам бойынша ідестіру  шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу амалдарына байланысты толық ақпар бере алмаймыз.