Русский Сайттың толық нұсқасы

Энергетика министрлігі Қазақстан ОПЕК келісімінен шығуы мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарды

  • AstanaTV
  • 10 шілде 2017
  • 3579

Қазақстан бір-екі ай ішінде мұнай өндірісі көлемін арттыру арқылы ОПЕК келісмінен шығуы мүмкін. Бұл туралы Энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа сілтеме жасай отырып, ТАСС агентігі хабарлады. Алайда, бұл ақпаратты Энергетика министрі растамады. Баспасөз қызметі таратқан хабарламада, Қазақстан бұған дейін қабылданған міндеттемелерді орындайтынын айтқан.

Еске салайық, 2016 жылы ОПЕК және 11 экспорттаушы ел мұнай өндірісі көлемін қысқару туралы келісімге қол қойды. Қазақстан биыл бірінші жарты жылдықта мұнай өндірісі көлемін тәулігіне 1,8 млн баррельге қысартты. Мамырда аталған келісім 2018 жылдың сәуір айына дейін созылды. Энергетика министрлігі осы келісімнің сақталатынын айтып отыр. Әзірге ОПЕК елдерінен міндеттемелерді ұзарту немесе өзгерту туралы ұсыныстар түспеген.