Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтаудағы жаңа үйдің қабырғасы жарылып кетті

  • AstanaTV
  • 10 шілде 2017
  • 3788

Ақтауда «Қолжетімді баспана» мемлекеттік бағдарламасы бойынша пәтер алған тұрғындар  шу шығарды. Көпшілік  баспананың сапасы сын көтермейтінін айтады. 4 жыл бұрын салынған жаңа үйдің қабырғасы сөгіліп кеткен. Көпқабатты үйге қоныс тепкендер үреймен күн кешіп отырмыз деп шағымданады.

Бір жылдың ішінде бой көтерген баспанада әуелі электр сымдарының қысқа тұйықталуынан бір пәтер қызыл жалынған оранған. Кейін көпқабатты үйдің қабырғасы сөгіле бастапты.

Тұрғындар - тербеліп тұратын баспалдақпен жүрудің өзі бас қайғығы айналды - дейді. Жаңа үйдің жағдайын бірнеше рет жергілікті шенеуніктерге жеткізген. Атқамінерлер, жөнге келтіреміз дегенімен, уәдесін орындамапты. 

Мира Бітімова:

Подъездегі жарық күн санап ұлғайып барады. Балалардың қауіпсіздігі үшін қорқамыз. Егер де қауіпсіз емес болса, мамандар келіп айтсын. Ретке келітіріп, жөндедеуге болады деп.

Айша Назарбаева:

2015 жылы өзім қала әкімі Тұрымовқа кірген болатынмын. Августа айында ол кісі келді мында. Келіп үйлерді қарап, подъзеге. Лестнциалардың қозғалып тұрғанын көріді. Отырыс жасаймыз. Шешеміз. Бір айдан соңхабарын айтамыз деді. Ешқандай  хабар да жоқ. 

Көпқабатты үй  2013 жылы қолданысқа берілген. Оны салуға 700 миллион теңге жұмсалған. Мердігер 2 жыл кепілдік берген екен. Бір қызығы, қалалық әкімдік өкілдері үйдің мәселесін әлеуметтік желі арқылы білдік деп отыр. Ал  үйді салғандар, қабырғаның жарылуын климаттық  жағдайларға байланысты дейді.,

Маңғыстау Көшеров, Ақтау қалалық құрылыс бөлімі жетекшісінің орынбасары:

Әкімдік  үйдің проблемасы туралы екі күн бұрын  әлеуметтік желі арқылы білді. Дереу мердігерге хабарласып, қазір жұмысшылар іске кірісті

Болатбек Қалымов, мердігер ұйымның бас инженері:

Биыл жаңбыр көп жауды. Жоғары ылғалдылықтың салдарынан үйдің қабырғасы сөгіліп кетуі мүмкін. Екіншіден, үйдің астында коммуникация өткізілген.  Құбыр жарылды. Сондықтан себеп көп.

Кепілдік мерзімі өткеніне қарамастан, мердігер өз қаражаты есебінен баспананы жөндеп беруге дайын екенін жеткізді. Бірақ оған дейін мәселемен тұрғын үйге қызмет көрсететін ұйым айналысуы керек.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА, Заңғар САНАЙ