Отандық
өнімнің үлесін арттырып, экспортқа шығаруға жұмыс күшінің аздығы қолбайлау
болып тұр. Ашылғанына бір жылға жуықтаған Алматыдағы көкөніс өсіретін жылыжай
ұжымы маман тапшылығы төңірегінде қордаланған мәселе бар дейді. Бүгін ол
Мәжіліс депутаттарымен кездесуде
айтылды.
Жалпы аумағы 12 гектарды алып жатқан жылыжай 2016 жылы пайдалануға
берілген. Дегенмен, көкөніс өсіру технологиясын жетік білетін агрономдар аз.
Сондықтан еңбек ұжымы Малайзиядан мамандар шақыруға мәжбүр болған. Бұл мәселе
шешілсе, экспортқа шығатын өнімнің көлемін ұлғайтамыз деп отыр мамандар.
Мәжілісмен Гүлмира Исимбаева мен Гүлнәр Иксанова еңбек ұжымының әлеуметтік
жағдайын да сұрады. Елбасының «100 нақты
қадам» және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы нақты
бағыт-бағдарларды түсіндіріп, атқарылуы тиіс жұмыстарды жеткізді.
Гүлмира Исимбаева, ҚР Парламент Мәжілісі төрағасының
орынбасары, «Нұр Отан» фракциясының жетекшісі:
12 гектар
жерінде міне 7 мың тонна өнім шығарып отыр. Бұл халықаралық стандарттарға
жақындаған өнімдер, помидоры болсын, қияр болсын. Әрі қарай кеңейеміз деп
отыр. Елбасы өзінің жолдауында халықты өзіміздің сапалы, таза, табиғи
азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету мәселесін қойды. Сонымен қатар тек қана
өзімізді ғана қамтамасыз етпей, оны
экспортқа шығара алатындай жағдайда болуымыз керек.
Нұрлан Әділхан, «BRB APK» ЖШС директоры:
Болашақта
осы жерде оқу орталығын қойсақ деп жатырмыз. Қазір жұмыс жүргізіп жатырмыз
Білім министрлігімен бірлесіп, осы жерден голландық компаниямен бірлесіп, оқу
орнын қойып, мамандар дайындау. Өйткені, шыны керек, мынау біздің қазіргі
жылыжайға агрономдар жетіспейді. Көптеген жаңағы суару системасы бар. Оның
көбісі инженерлік системаға жатады. Оғанда мамандар жетіспейді.