Русский Сайттың толық нұсқасы

Екібастұздың бас мұғалімі мектептерден ақша жинады деген айыппен қамауға алынды

  • AstanaTV
  • 11 шілде 2017
  • 2594

Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде «жақсы нәтиже» көрсету үшін Екібастұз қаласындағы мектептерден қомақты ақша жинаған білім бөлімінің басшысы қамауға алынды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Павлодар облысы бойынша департаменті өкілдерінің ақпарынша, шешеунікке алаяқтық дерегі бойынша айып тағылған.

Бұл былыққа шаһардың және оған қарасты ауылдардың 45 білім беру мекемесі тартылған. Алдын ала болжам бойынша, кеншілер қаласының бас мұғалімі Нұржамал Мақұмова әр мектептің директорына 100 мың теңгеден жинап, тапсыруды талап еткен. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Павлодар облысы бойынша департаменті берген ақпарға сәйкес, шенеуніктің әрекеті жүйелі деп танылды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл іске қатысы бар басқа тұлғалар да тексерілмек. Бюро өкілдерінің айтуынша, қамауға алынған мемлекеттік қызметкер өзіне тағылған айыптармен келіспейді. Және кінәсін мойындамай отыр. Ол Екібастұз қаласының білім бөлімінің басшысы қызметінде үш жылдай жұмыс істеген. 

Руслан Қуатов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы облыстық департаментінің басқарма басшысы:

Биыл қаржы жүйелі түрде жиналған. Алғашқы нұсқаға сәйкес, бұл ақша ұлттық бірыңғай тестілеуге келген комиссияға арналған. Қазіргі уақытта білім бөлімі басшысының әрекеті алаяқтық деп танылды. Өйткеніақша жиналған кезде, яғни маусымда, комиссия құрамы да белгісіз болған. Және олар Павлодар облысы аумағына келмеген де.

Мәселенің бүге-шүгесі белгісіз. Құқыққорғау органдары тергеуге байланысты ақпаратты құпия ұстап отыр.