Қостанайда
бір апта бұрын жоғалған баланың денесі Тобыл өзенінен табылды. Еске
салайық, 8 жастағы Игорь Коцкийді
полицейлер мен еріктілер іздеуге кіріскен еді. Өкінішке орай, бала өлі күйі
табылды.
Қазір құқыққорғау органдары жеткіншектің неден қаза болғанын анықтап
жатыр. Полицейлер бұған дейін суға батып кетуі мүмкін деген болжам айтқан еді.
Тергеу амалдары басталып, сот-медициналық сараптамалары тағайындалған. Айта
кетейік, бұл Қостанайдағы бір ай ішіндегі екінші оқиға. Бұған дейін жоғалған 10
жасар жасөспірім де өзеннен табылған еді.