Русский Сайттың толық нұсқасы

ЕҚЫҰ Томас Гремингер басқарады

  • AstanaTV
  • 12 шілде 2017
  • 2199

Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер ұйымның жаңа басшысының кандидатурасын қолдады. Бас хатшы ретінде швейцариялық дипломат таңдалған. Бұл жөнінде РБК хабарлайды.

Томас Гремингердің кандидатурасын Австрия тарапы ұсынған. Ұйым басшысының орны осы айдың басынан бері бос тұрған еді. Өйткені бұрынғы жетекшінің өкілеттік мерзімі аяқталған болатын.  Ұйымды осыған дейін басқарған Ламберто Заньер осы жүйеде қалатын болады. Яғни ол аз ұлттар ісі бойынша комиссар қызметін атқарады. Айта кетейік, кандидатураларды формалды түрде бекіту шарасы келесі аптада өтеді.