Русский Сайттың толық нұсқасы

Мақтаралда жол мәселесі шешілді

  • AstanaTV
  • 12 шілде 2017
  • 2539

Оңтүстік Қазақстанда халықаралық маңызға ие «Ташкент-Термез» бағытындағы жол қайта ашылды. Қазақ-өзбек шекарасына апаратын күре жол он жыл бойы жабық тұрған.  Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары арқылы Өзбекстанға өтетін трассаның Мақтарал ауданы аумағындағы бөлігінің ұзындығы 25 шақырымға жуықтайды. Енді 350 мыңдай халқы бар аудан тұрғындарының жолы 80 шақырымға қысқарады.

2006 жылдан бері Ташкент пен Самарқанд және Оңтүстіктегі Мақтарал ауданы елді мекендері арасындағы көлік қатынасы қиындаған. Үлкен  жолдың ашылуы қос мемлекеттің қарым-қатынасын одан әрі нығайтып, сауда мен туризмді дамытуға мүмкіндік береді деген сенім мол. Сондай-ақ, Қазақстан мен Өзбекстан арасында «Сырдария» өткізу бекеті ашылды. Бекеттің тәулігіне 5 мың адам мен 200 автокөлік өткізуге мүмкіндігі бар. 2006 жылы жабылған осы жолдың қайта ашылуына екі ел президенттерінің келісімі нәтижесінде қол жетіп отыр.

Жансейіт Түймебаев, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі:

Енді екі ер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға үлкен серпін береді деп ойлаймын. Тағы да, құрметті қауым, бүгінгі үлкен оқиға мінекей құтты болсын! Осы жолмен енді жеңіл көліктер, жүк машиналары, екі елдің азаматтары еркін бір біріне қарым-қатынас жасайды. Бұл екі ел арасындағы достықтың, ынтымақтастықтың дамуына үлкен күш береді деп толық сенемін.