Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандықтар бір айда 228 млн теңгеге 699 алтын құйма сатып алған

  • AstanaTV
  • 12 шілде 2017
  • 3701

Қазақстан ұлттық банкі бір айдың ішінде қаржы институттары арқылы 228 млн теңгеге 699 алтын құйма сатқан. Жалпы салмағы 17 келіні құрайды, -деп хабарлайды LS порталы. Ақпаратта 10 жəне 20 граммдық құймалардың ерекше сұранысқа ие екені жазылған. Оларды Халық, Еуразиялық жəне Цесна банктерінен сатып алуға болады.

Құны долларға шаққандағы алтын фиксингіне байланысты. Бұл бағаны құнды металдар нарығына қатысушылардың Лондондағы қауымдастығы белгілейді. Ол теңгенің долларға қатысты ресми бағамына да байланысты. Сондай ақ бағдарламаға қатысушы банктер де өз бағаларын бекітеді. Жалпы шілде айында 1 грамм алтын 12,8 мың теңгеге бағаланды. Алтын құймаларды сату бағдарламасы биыл 31 мамырда іске қосылған.