Русский Сайттың толық нұсқасы

ЭКСПО көрмесі аумағында Куба ұлттық күні тойланды

  • AstanaTV
  • 26 шілде 2017
  • 1686

Бүгін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі алаңында Куба елінің ұлттық күні өтті. Аталмыш салтанатты шара "Astana EХРО-2017 көрмесімен бірге шынайы кубалық көңіл-күйге бөлен" ұранымен ашылды.

Бағдарламаның бастамасы куба өкілдерінің ресми құттықтау сөздерімен ашылды. Салтанатты шара "Куба ырғақтары" атты мәдени музыкалық шоуға ұласты. «Куба ырғақтары» шоуы - кубалық энергия мен құштарлықты сезінудің тамаша мүмкіндігі. Шоу дабылдар сүйемелдеуімен өтетін латын билерінен құралған.

Куба ұлттық күні Латын америкасының павильонына дейін жалғасқан ғажап карнавалдық шерумен аяқталды.