Русский Сайттың толық нұсқасы

Денсаулық сақтау министрі парақорлыққа қатысты сұхбат берді

  • AstanaTV
  • 11 шілде 2017
  • 2263

Денсаулық сақтау министрлігіндегі парақорлықтың тамарына балта шабу үшін арнайы шаралар енгізу керек. Министр Елжан Біртанов осылай деп отыр. Ол Фармация комитетіндегі жемқорлық бойынша жаппай қамауға алынғандарға қатысты пікір білдірді. Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро Фармация комитеті төрағасының міндетін атқарушы Лариса Пактан бастап, бірқатар лауазымды тұлғаны пара алды деген күдікпен қамауға алды. Оларға фармкомпаниялардың мүддесін қорағады деген айып тағылып отыр. Елжан Біртанов министрлікті жемқорлық жайлағанын жасыра алмады.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Өкінішке орай, бізге осындай жағдай келіп отыр. Бұрыннан да, ең басынан да біз айтып отырмыз, біздің Денсаулық сақтау министрлігінде коррупция мәселелері бар. Бірақ біз оған қарсы арнайы шаралар енгізу керекпіз. Біздің позициямыз солай. Ұлттық бюроны біз қолдаймыз. Жемқорлықты жою үшін көп жұмыс жасауымыз керек бірге. Сонымен қатар мен сенемін, осы жағдай тезірек анықталып ары қарай сот шешім қабылдайды.