Русский Сайттың толық нұсқасы

Астана Сингапурмен стратегиялық әріптестікті нығайтады

  • AstanaTV
  • 26 шілде 2017
  • 1859

Астана Сингапурмен стратегиялық әріптестікті нығайтпақ. ЭКСПО-2017 көрмесінде Сингапур ұлттық күнін тойлауға келген делегациямен қала әкімі кездесті. Елдің сауда және индустрия аға министрімен бірқатар келісімдер жасалды.

Әсет Исекешов Елбасының тапсырмасымен іске асырылған 2020 жылға дейінгі Астананың даму жоспарымен таныстырды. Солардың бірі- Астана xалықаралық қаржы орталығын құру мен елордамызды ақылды әрі қауіпсіз қала, өңірлік халықаралық орталық ретінде қалыптастыру жөнінде айтып берді. Қазақстан тарапынан нақты жобалар ұсынылды ол - қоғамдық көлік, денсаулық сақтау, білім, қауіпсіздік және қалалық қызмет жұмысын жоспарлау мен басқару жүйесіне смарт-теxнологияларды енгізу.

Ко По Кун, Сингапур Республикасының сауда және индустрия аға министрі:

Біз кездесуде үш бағытта жобаларды бірлесіп іске асыруға және ынтымақтастық орнатуға келістік. Бірінші- «ақылды» инфрақұрылым бойынша регламенттерді енгізу мен жұмысты ұйымдастыру, цифрлық инжиниринг, жобалау кезінде бим-технологияны қолдана отырып, «жасыл» құрылыс жүргізуді қолға аламыз. Екінші келісім - қоғамдық көлік, тұрақтар, жолдар құрылысын жоспарлау, сондай-ақ қоғамдық көлік саласында ынтымақтастық жасасуға байланысты болды. Үшінші- смарт-технологияларды қолданумен қоғамдық денсаулық сақтау саласында ынтымақтастықты арттыру жоспары.