Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясы қоғамдық қабылдауының көшпелі отырысы өтті

  • AstanaTV
  • 13 шілде 2017
  • 3073

Екінші деңгейлі банктер мен олардың салымшыларының бір ымыраға келуіне жол ашу. «Нұр Отан» партиясы осы мақсатта белсенді жұмыстар жүргізіп келеді. Партияның қоғамдық қабылдауларының алаңында тиісті диалогтар өткізіліп тұрады.

Қазақстанда ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы 2005 жылдан бері жүзеге асып келеді. Нұротандықтар бұл бағдарламаға кез келген азаматтың жүгінуіне құқығы бар екенін айтады. Әр адамның мәселесі жеке-жеке қаралады. Алматыда өткен қоғамдық қабылдау бөлімінің көшпелі отырысында банктер алдында қарызы бар 10-нан астам азаматтың өтініші қаралды.

Жұмажан Жүкенов, «Нұр Отан» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі:

Көбіне кеңес беріп отырмыз. Бізде заңгерлер, адвокаттар, медиаторлар жұмыс істейді. Оларда өз тарапынан заң жағынан қалай мұны шешуге болады? Бұл үшін не істеу керек? Мүмкін кейбіреуіне сотқа бару керек, кейбіреуіне жаңағыдай көмектесу керек, соның бәрін партия алаңында біз көмектесіп отырмыз.

Жыл сайын «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына ипотекалық заимдар бойынша мыңға тарта азаматтан өтініш түседі.

Мамандар олардың әрбір төртіншісінің мәселесі шешімін табады,- деп атап өтті. Осы күнге дейін аталған бағдарлама бойынша 20 мыңдай борышкердің қаражаты қайта есептелген. Ұлттық Банк өкілінің дерегінше, қайта құрылымдау кезінде 112 млрд теңге қарыз қайта қарастырылды.