«Астана»
футбол клубы Чемпиондар Лигасы аясында өткен бірінші матчтың екінші кезеңінде
жеңіске жетті. Латвияда өткен ойында жергілікті «Спартак» 1:0 есебімен есе
жіберді.
Бірінші таймда қарсыластар Александр Мокин қақпасына қауіп төндіре
алған жоқ. Есесіне жерлестеріміз қақпаға 13 соққы бағыттап, оның жетеуі де
қақпаны дәл көздеген. Алайда гол салуға мүмкіндік болған жоқ. Есеп тек 73-ші
минутта ашылды.
«Астана» құрамындағы ганалық форвард Патрик Твумаси
айып алаңынан бағыттаған соққысында қақпаның осал тұсын таба алды. Қарымта ойын
18-ші шілдеде Астанада өтеді. Бүгін сондай-ақ Еуропа Лигасы аясында павлодардық "Ертіс" сербиялық "Црвена Звездаға" қарсы ойнайды.
Алматылық "Қайрат" албаниялық "Скендрбеуді"
қабылдайды.