Сириялық
қақтығыс 5-10 жыл ішінде реттелуі мүмкін. Осындай ойымен бүгін Астанада Мәскеу ұлттық университетінің саясаттанушысы Иван Сафранчук бөлісті.
Айтуынша,
зерттеулерге сай локальді қақтығыстардың ұзақтығы шамамен 5-10 жылды құрайды.
Осы уақыт аралығында соғыс өзі-өзімен тыйылады. Бірақ, ол үшін үшінші
мемлекеттер араласпауы қажет, дейді сарапшы. Айта өтейік, 5 шілде күні Астанада
Сирия қақтығысын реттеу бойынша 5-ші келіссөздер өтті. Келесі кездесу тамызға
жоспарланып отыр.
Иван
Сафранчук, саясаттанушы (Ресей):
Қақтығыс,
өзгелер араласпаса, 5-10 жыл ішінде тынады. Бұл дегеніміз Сириядағы соғыс әлі
5-10 жыл жүреді. Статистикалық мәліметтер осыны көрсетіп отыр.