Алматыдағы
«Қайрат» шағын ауданында бір ай бұрын баспанасынан айырылған көп балалы отбасы
үрей құшағында күн кешіп отыр. Сот шешімімен өткен айда Толқынбековтер мен
олардың екі көршісінің үйлері бұзылған. Бүгін жеке сот орындаушылары жерді
толықтай босату үшін келеміз деп ескерткен еді. Бірақ ешкім төбе көрсетпеді.
Құты қашқан тұрғындар аптап ыстық пен жауын-шашынға қармастан, жерді қорғап
қалу үшін, ашық аспан астында түнеуге мәжбүр.
Маусым
айында жеке сот орындаушылары 3 отбасының жерді босатуын талап еткен. Түркісіб
аудандық сотының шешіміне сай, «Қайрат» шағын ауданындағы мына аумақтың өзге
адамға тиесілі екені анықталды. Ал 11 жылдан бері тұрып келе жатқан отбасылар
жерге құжатты толық рәсімдеп алмаған. Бұл аумақ Талғар ауданынан Алматыға
берілгенде, жер телімдерінің өзге қожайыны пайда болады.
Гүлдерай
Толқынбек, көп балалы ана:
2006-дан
бастап тұрамыз осы жерде. Біздің документіміз болған. Документ жасап береміз
деп, бұл кісілер қайтадан алып алады. Біз жерге 5000 доллар бердік басында.
Содан кейін, 12000 доллар бердік тағы да.
Бізге айтты, "мына жерден мына жер, сіздің жерлеріңіз". Сол
кісі жоқ боп кетті сол кезде. Ол кісінің аты Мұхтар болған.
Тұрғындар жерді сатқан адамның алаяқ екенін кеш білген. Қазір баспаналарынан мына қалқиған қабырғалар ғана қалған. Оны да жеке сот орындаушылары бұзу үшін келеміз деп ескертіпті. Сексен жастағы қария мен бес балалы отбасы бір айдан бері үрей құшағында отыр. Аптап ыстық пен жауынға қарамастан, жерден айырылып қалмас үшін, осылай өмір сүруге мәжбүр
Гүлсара
Мұсаева, зейнеткер:
Ешкім
жәрдем болып, "жағдайын қалай?" деп жатқан жоқ, жатырмыз. Жел тұрады,
жаңбыр жауады. Кішкене балалар бар, аурып жатырмыз, басқа қылып жатырмыз.
Жатырмыз даладағы көлеңкеде отырамыз. Ана жаққа жатамыз, мына жерде жаңбыр
жауса, мына жерді паналаймыз. Газды біресе мына жаққа қойып істейміз тамақты,
біресе ана жаққа барып. Әйтеуір көшіп-қонып отырмыз, әбіржіп.
Түркісіб
ауданының әкімдігі жағдайдан хабардар. Бірақ аудан аумағында он жылдан астам
уақыттан бері тұратын отбасыларға үйлерді заңдастырып беруге құлық танытпаған.
Керісінше ондағы баспаналардың заңсыз салынғанын алға тартты.
Болат
Байділдаев, Алматы қаласы Түркісіб ауданы әкімінің орынбасары:
Біздің приемда болды. Барлығын шақырдық.
Районный прокуратураны шақырдық, сот органдарын шақырдық, жаңағы
исполнительдарды, халықтарды шақырдық. Олар адвокаттарымен болды. Сол кезде,
барлығына түсініктеме берілді.
Мынау
қарындасым, күн ыстықта көтеріп көлеңкеге барып отырамыз, жауын жауса, көрпеміз
су боп кетеді. Қатты қиналып кеттік.
Сүреңсіз
өмірден титықтаған жасөспірімдердің шаштары өсіп, киім-кешектері тозған.
Жуынып, тойып тамақ ішуге мұнда ешқандай жағдай жоқ.
Ришат Асқарбекұлы, тілші:
Амалы таусылған отбасына қазір құқықтық көмек беріп, қалалық сотқа шағымданатын заңгер қажет. Ал сот орындаушылары бізге бұл мәселеге қатысты түсінік беруден бас тартты. Бірақ алдағы күндері қабырғасы құламай қалған баспаналарды бәрібір сүруге келетінін де ескертті.
Ришат
АСҚАРБЕКҰЛЫ