Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда алапат өрт салдарынан 6 отбасы баспанасыз қалды

  • AstanaTV
  • 28 шілде 2017
  • 2054

Алматыда Көкжиек шағын ауданындағы көпқабатты үйде өрт шығып, үш бала ауруханаға жеткізілді. Олар 1, 5 және 13 жастағы балалар. Дәрігерлердің хабарлауынша, олар өрттің түтінінен  уланған. Тағы бір ересек адам ауруханаға жатқызылыпты. 4-ші қабатта шыққан өрттен 45 адам эвакуацияланған. Алматы облысының Тұздыбастау ауылында да алапат өрт болып, 6 бірдей отбасы далада қалды.

Тілсіз жау Жібек жолы көшесінедегі «барак» тектес ескі үйлер маңында тұтанған. Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың сөзінше өрт 22:10 шамасында тұтанған.  Бірақ оны сөндіруге 3 сағат кеткен. Оған 14 өрт сөндіруші мен 3 бірдей техника бірлігі жіберіліпті. Өрттің жалпы ауданы 470 шаршы метрге жеткен. Зардап шеккендер жоқ.

Руслан Иманқұов, ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі:

Өрт сөндіру бөлімшесінің жақын жерде болмауына орай оттың ұзақ уақыт шарпуы, сондай-ақ ғимарат құрылыс конструкциясы ағаш, қамыс сияқты тез жанатын материалдардан болуы өрттің ушығуына әкеп соқты.