Русский Сайттың толық нұсқасы

Жыл басынан бері білім беру саласында 139 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркеліп, 23 адам сотталған

  • AstanaTV
  • 28 шілде 2017
  • 3090

Жыл басынан бері білім беру саласында 139 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркеліп, 23 адам сотталған. Бұл былтырғымен салыстырғанда 4 пайызға көп. Бүгін "Нұр отан" партиясы білім саласындағы жемқорлыққа қарсы Жол картасының жай-жапсарын талқылады. Партия Президенттің биылғы жолдауынан соң, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен ынтымақтаса жұмыс істеуге келіскен. Бүгін өңірлер осы бағытта не атқарып жатқаны жөнінде есеп берді. Ал Есеп комитеті өткен жылы жоғары оқу орындары 14,3 млрд теңгені мақсатсыз жұмсағанын анықтаған. Университеттер көп жағдайда атқарылмаған жұмысқа өтірік ақша бөледі. Және білім гранттарын талан-таражға салады. Ал орта білім саласында ҰБТ-дан сәтті өту саудаға түскен.

Алик Шпекбаев, ҚР Мемлекетік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары:

Павлолар облысында ҰБТ жақсы тапсыру үшін мектептерден заңсыз ақша  жинау ұйымдасытрылған. Екібастұз қаласының Білім бөлімінің басшысы ОЛ  45 мектептен 100 мың теңгеден, барлыңы 4,5 млн теңге жинап алған параны жинап беру үшін мектеп директорлары оқушылардың ата-аналарынан сұрауға мәжбүр болған.

Қаныбек Жұмашев, "Нұр Отан" партиясының хатшысы:

Жол картасы сыбайлас жемқорлықты туғызатын себеп пен жағдайды мейілінше кемітуге және жоюға бағытталған жобалардан, білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын-үй қатынастары, әлеуметтік қорғау сияқты ел өмірінің басты салаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған ұсынымдарды әзірлеу қажеттігінен туындаған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптасыру бойынша жұмыстарды қамтитын кешенді құжат.