Русский Сайттың толық нұсқасы

Орал қаласы аптаға жуық ыстық сусыз отыр

  • AstanaTV
  • 19 шілде 2017
  • 2087

Оралдағы «ЖайықЖылуҚуат» мекемесі борышкерлердің аты-жөнін сайтында жариялап, сотқа 200 мыңдай талап арыз түсірді. Қарызды қайтарумен айналысатын жедел топтардың саны үш есеге көбейтілді. Осының арқасында екі күнде 1 миллион теңге жиналған. Бірақ бұл аз,- дейді компания басшылары.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Орал қаласы бір аптадан бері ыстық сусыз отыр. Тұрғындардың көрсетілген қызмет үшін «ЖайықЖылуҚуат» компаниясына берешегі жарты миллиард теңгеден асқан. Ал кәсіпорынның газ берушілерге қарызы 220 миллион теңгеге жетті. Сондықтан мекеме көгілдір отыннан ажыратылған. Бүгінде борышкерлердің көлігі мен үй-жайы, кәдеге жарайтын техникалары алынып жатыр. Газ беруші мекеме қарыз қайтарылмайынша, көгілдір отын берілмейтінін мәлімдеген, ал шахарға ыстық судың қашан берілері белгісіз.

Мұрат Бәйменов, «Жайықжылуқуат» АҚ директоры:

Жалпы санап қарағанда, 358 миллион берешегіміз бар газдан басқа. Бірақ енді ол қысқа дайындық жұмыстарына кедергі болмайды. Тұрғындардан қазір күн сайын түсіп тұрғаны - 5-5,5 миллион жарым ақша. Содан миллион жарым-екі миллионын газға төлеп жатырмыз. ҚазТрансГапзАймақтың талабы мамыр айына 100 миллион берешегіміз бар. Соны толықтай төлесеңіз, қосамыз деген.