Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда ширек ғасырға жуық уақытқа созылған пәтер мәселесі оң шешімін тапты

  • AstanaTV
  • 19 шілде 2017
  • 2152

Павлодарда ширек ғасырға жуық уақытқа созылған пәтер мәселесі оң шешімін тапты. 1-ші топтағы мүгедек үйіне қосарлана салынған пандустың кесірінен жылдар бойы баспанасының құжатын рәсімдей алмаған. Ақыры «Нұр Отан» партиясынан көмек сұрайды. Эраст Радичтің сөзінше, заң бойынша пандусты рәсімдеу талаптары түсініксіз болған. Яғни оның құрылысы әу баста ресми түрде рәсімделмеген. Пандусты салған фирманың атауы да белгісіз көрінеді. Талай табалдырықты тоздырған мүгедек баспана құжатын жөндеуден үмітін үзеді. Тек партияның араласуынан соң мәселе шешілді.

Эраст Радич, Павлодар қаласының тұрғыны:

Қоғам белсенділеріне шығуға тура келді. Олар әлеуметтік желі арқылы көмек көрсетуді сұраған. Бұл өтінішке "Нұр Отан" партиясы жауап қатып, ақыры партияға шағым түсірдім. «Нұр Отан» араласқаннан кейін жылдарға созылған мәселе тез шешімін тапты. 

Илья Теренченко, «Нұр Отан» партиясы ПОФ төрағасының бірінші орынбасары:

Облыстық мәслихаттың депутаттарының көмегімен кәсіпкерлер, мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың өзара жұмысының арқасында мәселе оң шешімін тапты. Қазір құжаттар тіркелген. Тиісті органдардың мөрі қойылған.