Русский Сайттың толық нұсқасы

Аймақтардан келген 350 қазақстандық өндірушілер Астана халқына өз тауарларын ұсынды

  • AstanaTV
  • 28 шілде 2017
  • 2306

Астанада отандық тауар өндірушілердің «Ұлы дала елі» атты III форумы ашылып, оның аясында «Қазақстанда жасалған» атты көрме жұмысын бастады. Мұнда Қазақстанның барлық аймағынан жиналған 350 компания өз өнімдерін ұсынды. Келушілер көрмеге қойылған тауарларды тамашалап қана қоймай дәмін татуға, қолмен ұстауға тіпті,  арнайы тесттен өткізуге де мүмкіндік алды. Ерекше көрме  «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының ұйымдастыруымен өтті. Мұнда ірі компаниялармен қатар  ісін енді ғана бастаған кәсіп иелері де бар.

Кілемдер, тоқыма бұйымдары, кондитерлік өнімдер мен құрылыс материалдары. Көрмеде адам өміріне қажетті заттардың сан алуан түрі бар. «Қазақстанда жасалған» тауар белгісі мен мұндалап тұр. Ал бағалары қолжетімді.

Сағат Уәлиев,  шыны өндіруші компания жетекшісі:

Нарықта пеношыны бұйымдар шығаратын бірнеше компания бар. Ресейдің  фомгласс, неопром компанияларының өнімдері текш  е метріне 250 мен 220 мың теңгені құрайды. Ал біз  балама түрін өндіреміз. Құны - 45 мың теңге. Бұл отандық өнім, тұтынушыға да қолайлы

Кәсіп иелері «Даму» қорының көмегінсіз мұншалықты табысқа жетпес едік дейді. Мәселен, шымкенттік кәсіпкер отандық нарық үшін аса таңсық тауар өндіруді қолға алғанда мемлекеттің қолдауын барынша сезінген.  Енді міне айтулы көрмедегі алуан тауардың ішінде балаларға арналған ойыншықтар көздің жауын алып тұр.

Рабиға Байтемірова,  «Наурыз пластик» ЖШС:

2013-те даму қоры арқылы кредит алдық 10 млн,  одан соң кеңейттік сосын тағы 40 млн үкімет несие берді. Оған станоктар әкілдік кейін жер берді соған зауыт салдық қазір 15 адам жұмыс істейді. Келешекте 150 адамды жұмыспен қамту жоспарда бар.

Форумның ашылуында "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының басқарма төрағасы шағын орта бизнесті дамыту жайлы есебін баяндады. Соңғы 10 жылда қор 2 мың 600 дей жобаға қолдау көрсетіп,  27, 5 миллиард теңге несие берілген. Биылғы жартыжылдықта 5083 компания қаржылай қолдауға ие болды. Берілген несие 81 миллиард теңге.

Абай Сарқұлов,  «Даму» қорының басқарма төрағасы:

Ең басты мәселе бүкіл көрсетілетін қызметтерімізді автоматтандыру, электоронды форматқа көшіру 18 жылдың аяғына дейін. Сонымен қатар микроқаржыландурыға көп көңіл бөлеміз, шағын кәсіпорындармен жұмыс жасаймыз.

Қор басшысы алдыңғы екі форум нәтижелі болғанын айтады. Бірқатар кәсіп иелері  ұлттық компаниялармен келісім жасасып, азық-түлік өндірушілер қажетті шикізатқа қол жеткізген. Жеңіл өнеркәсіп өкілдері серіктес тапты. Бұл жиын да оң нәтиже береді деген сенім мол. Көрме 30 шілдеге дейін жалғасады.