Русский Сайттың толық нұсқасы

Таразда тоққа түсіп өлген оқушының өлімі сол күйі жұмбақ қалпында қалып отыр

  • AstanaTV
  • 20 шілде 2017
  • 2706

Таразда ток ұрып көз жұмған жеткіншектің өлімі әлі күнге дейін жұмбақ күйде қалып отыр. 8 сынып оқушысының не себепті ажал құшқанын арнайы мамандар анықтамақ болған еді. Алайда, оқиғаның нақты себебін, немесе оған кімдер кінәлі екенін тап басып айта алмай отыр. Осылайша, қайғылы оқиғаның салдары жылы жабылуы әбден мүмкін. Арнайы құрылған комиссия оқиға орнын тыңғылықты тексерген. Нәтижесінде, оқыс жағдай орын алған жердегі құбырда екі электр желісі бар екенін, оның біреуінен ақау шыққанын анықтады. Бірақ сараптама жүргізгендер, істен шыққан электр сымы оқушы опат болған жерден 100 қадам қашықтықта жатыр, дейді. Сондықтан баланың токқа түсуіне мұның қатысы болуы мүмкін емес деген шешім шығарған.

Әжіхан Орынбеков, «Таразэнергоэксперт» ЖШС-нің директоры:

Жаңағы труба деп отыр, трубаның қондырғысы жерге қондырылған. Одан мен ештеңе айта алмаймын. Трубадан басқа жақтан, сол күні жел болды. Мүмкін, басқа жақтан суға кабель түсті ме, сым түсті ме? Мұндай жағдайды бірінші рет зерттеп жатырмыз.

Еске салайық, мамыр айында Тараздағы шағын аудандардың бірінде суға кеткен сыныптасын құтқарамын деген Бекзат Үмбеталиев канал суында ток соғып, тіл тартпай кеткен еді. Марқұмның ет жақындары электр сымдарын қараусыз қалдырды деп жарық таратушы мекемені кінәлаған. Осы қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс те қозғалған.