Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада борышкер әкелердің саны едәуір азайған

  • AstanaTV
  • 20 шілде 2017
  • 2546

Астанада ерлі-зайыптылардың ажырасуы мен борышкер әкелердің саны едәуір азайған. Өткен жылы ажырасуға 1958 талап арыз түссе, биылғы жылдың шілде айына дейін 1671 өтініш қаралған. Бұл туралы Астана қаласы Есіл аудандық соты төрағасының міндетін атқарушы Руслан Мәжитов мәлімдеді. Сонымен қатар, өткен жылы алиментке қатысты  175 іс қаралса, биылғы жылы тек 148 арыз қаралып отыр.

Руслан Мәжитов, Астана қаласы Есіл аудандық соты төрағасының міндетін атқарушы:

Алиментке қатысты өтініштер саны азайды. Бұнын барлығы атқарушы органдар жүргізіп отырған ақпараттық жұмыстардың арқасы деп білеміз. Оның ішінде әлеуметтік роликтер мен түрлі ақпараттық баннерлердің маңызы зор болып тұр.