Түркия мен Грекия аумағында орын алған зілзалада зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар болмаған. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ануар Жайнақов хабарлады.
Әнуар Жайнақов, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:
Қолдағы мәліметтерге сай, қаза болғандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ. Жерлестеріміз тарапынан Қазақстанның Түркиядағы елшілігіне өтініштер түсіп жатыр. Олар өздерінің хал жағдайы мен қайда орналасқаны туралы ақпаратты хабарлауда.
Еске салсақ,
өткен түні Эгей теңізі жағалауында күші 6,7 баллдық жер сілкінісі болды.
Адамдар ғимарат ішіне кіруге қорқып жағажайларда түнеуге мәжбүр болған.
Түркияның Бодрум, Мармарис қалаларында зілзала тіпті күштірек сезілген. Осының
салдарынан екі адам қаза тауып, 120-ға тарта тұрғын жарақат алған. Сонымен
қатар, бірнеше ғасырлық тарихы бар ғимараттар мен мешіт үйі бүлінді деген ақпар
тарап жатыр. Бір ғана Бодрум қаласында зардап шеккендер саны 70 адамға жеткен.