Русский Сайттың толық нұсқасы

25-27 шілде аралығында кейбір аймақтарда 45 градус ыстық болады

  • AstanaTV
  • 24 шілде 2017
  • 2798

Елде ауа температурасы 45 градусқа дейін ысиды. Бұл туралы "Қазгидромет" мамандары ескерту жасап жатыр. Күннің мұншалықты қатты ысуы 25-27-ші шілде аралығына болжанып отыр. Қазір "Қазгидромет" маманы біздің студиямен байланыста. Лаура Қанатқызы, қай аймақтарда температура 45 градусқа дейін жоғарылайды?

Лаура Сайлыбаева, инженер-синоптик:

Алдағы үш тәулікте жоғары атмосфералық қысымның әсерінен республикамыздың басым бөлігінен жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде және ауа температурасы одан әрі жоғарылайды. Оңтүстік өңірлерде кей жерлерде 40-45 градус жылықты құрайды. Ал солтүстік аймақтарды 27-33, кей жерлерде 35-38 градусқа дейін көтеріледі.

-30 градустан жоғары ауа райы шілденің аяғына дейін сақталады ма?

Лаура Сайлыбаева, инженер-синоптик:

Шілденің аяғына дейін осындай ыстық ауа райы, яғни 30 градустан жоғары ауа температурасы  әлі де сақталады.

Рахмет, біздің сұрақтарымызға жауап берген "Қазгидромет" АҚ инженер-синоптигі Лаура Сайлыбаева.