Русский Сайттың толық нұсқасы

ЭКСПО алаңында Грекияның ұлттық күні өтті

  • AstanaTV
  • 21 шілде 2017
  • 2906

Қазақстан XXI ғасырдың бірінші он жылдығында экономикалық әлеуеті барынша жоғары 25 елдің қатарына кірді. Бүгін ЭКСПО алаңында өткен Грекияның ұлттық күні аясында аталған елдің экономика және даму министрі осылай деді. 

Айтуынша, біздің мемлекет әлемдік қоғамдастықтың ажырамас бір бөлігі және бірқатар халықаралық проблемалардың шешімдерін табуға белсенді қатысып келеді. 2009-2013 жылдарды қамтыған экономикалық құлдырау грек елін қыспаққа алғаны рас. Осы ретте шетелдік саясаткер тұрақтылықты қолдайтынын айтып, мемлекеттің алға қойған мақсатымен бөлісті.  

Димитрис Пападимитриу, Грекия Республикасының экономика және даму министрі:

Қазақстан көмірсутегі өндіретін жетекші мемлекет ретінде Грекия инвесторларының қызығушылығын тудыруда. Біз Элладаның рөлі Азия мен Еуропа арасындағы экономикалық хаб ретінде артуына мүдделіміз. Сауда энергетика, туризм, ауыл шаруашылығы және көлік секторларында экономикалық қатынастардың дамуына арналған әлеуеттің зор екенін көріп отырмыз. Ол өңірде тұрақтылық пен бейбітшілікті қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Грекияның ұлттық күні аясында концерттік бағдарлама да қатар ұсынылды. Еуропадан келген шығармашылық топтар халықтың көңілін  көтеріп, бар өнерін паш етті.