Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбылда жаңартылған энергия көздері 2020 жылы сағатына 247 мегаватқа жетпек

  • AstanaTV
  • 21 шілде 2017
  • 1803

Елімізде соңғы 5 жылдықта өңдеуші өнеркәсіптің 28 жаңа секторы пайда болып, өнім көлемі 1,3 есеге өскен. Бұл туралы Таразда өткен "Нұр Отан" партиясының 2016-2020 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы бойынша комиссия отырысында сөз болды. Жиынға шенеуніктер, кәсіпкерлер палатасы өкілдері мен кәсіпорын басшылары қатысты. Жаңартылған қуат көздері су, жел, күн энергиясын көптеп өндірсек, үнемдеуде соны серпіліс болатыны айтылды. Өткен жылы Жамбылда 266 млн киловат/сағат энергия өндірілген. Өнім үлесі 9,3 пайызды құрайды. Жаңартылған энергия көздерін 20-шы жылға дейін сағатына 247 мегаватқа дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Сондай-ақ, жылу желілерінің жайы айтылды. 

Мамад Шәкіров, Жамбыл облысы әкімдігі энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:

2015 жылы 1 млрд-тан астам екі нысан «Тараз Транс Энерго» мекемесінің жылу желілері ауыстырылды. Квартал аралық трассалар ауыстырылды. Соммасы 3,6 млрд теңге.