Русский Сайттың толық нұсқасы

ҚР Президенті кубогы аясында «Барыс» ХК Швейцарияның 30 дүркін чемпионын тізе бүктірді

  • AstanaTV
  • 07 тамыз 2017
  • 2421

«Барыс» хоккей клубы жаңа маусымның алғашқы кездесуін жарқын жеңіспен аяқтады. «Нұр Отан» партиясының қолдауымен Ел президенті кубогы сарапқа салынған кездесуде, жеңілістің кермек дәмін татудың аз-ақ алдында тұрып, алайда соңғы сәтте қарсыластарын 4:2 есебімен сан соқтырып кетті. Өз алаңында жанкүйерлерге осылайша тамаша көңіл-күй сыйлаған клуб өкілдері, жанкүйерлердің қолдауы ерекше болғанын айтады. Ал, команда бас бапкері Евгений Корешков тағайындаған жаңа әрі жас құрама тек жанкүйерлерін ғана емес, бапкердің өзін де аң-таң еткен көрінеді.

Швейцарияның 30 дүркін чемпионы атанған «Давос» осылайша сырт алаңда есе жіберіп қойды. Ал, біздің жерлестер аталмыш кубок аясында тағы 4 кездесу өткізеді. Евгений Корешков шәкірттерінің дайындығы жақсы екенін айтып отыр. Сондықтан жеңіс тұғырынан көрінуге барымызды саламыз деді.

Евгений Корешков ,«Барыс» ХК бас бапкері:

Мен, біздің ойыншылар осындай керемет ойын көрсетеді деп, тіпті ойлаған жоқ едім. Біздің жастардың жігері мықты, оларға үміт артамын, әрине. Турнир барысында әлі 4 бірдей кездесу бар. Тағы да жаңа ойыншылардың аяқ алысын байқаймыз.