Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада стенд атудан екі бірдей чемпионат басталды

  • AstanaTV
  • 07 тамыз 2017
  • 2324

Елордада нысана атудан екі бірдей чемпионат басталды. Ол 5 STAND GLOBAL халықаралық турнирі мен 7-ші Азия чемпионаты. Алғаш рет өтетін 5 STAND GLOBAL идеясын Қазақстан атқыштар федерациясы жасап шығарған. Ауқымды жарысқа мұрындық болып, қаржылай көмек көрсеткен «Самұрық-Қазына» АҚ. Ал жүлде қоры қандай? Тілші материалында.

Астанада «TARGET» атқыштар клубының аумағында 5 STAND GLOBAL чемпионаты бастау алды. Бұл чемпионаттың басты мақсаты - Азия бойынша нысана атудан кәсіпқойлар мен әуесқойлардың өзара тәжірибе алмасу. Бұл Астанадағы оқу базасында спортшылардың мықтылығын саралауға және ұлттық команданы жаттықтыруға барынша жағдай жасалған. Талап бойынша қатысушылар 200 нысанды атып түсіруі тиіс. Турнирде FITASC лицензиясын иеленген білікті қазылар төрелік етпек.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және с порт министрі:

Әріптестерімізбен бірігіп, бүгінгі Азия чемпионатын өткізіп жатырмыз. Қазірдің өзінде біздің алға қойған мақсытымыз - спортты дамыту мен бірге туризмді дамыту. Бізде қазір екіжақты келіссөздер жүргізіп жатырмыз Кувейтпен бірге.

«Жаңа чемпионат» пен Азиялық жарысты бақылауға Азия атқыштар конфедерациясының Құрметті президенті мен Азия атқыштар конфедерациясының президенті Шейх Али бин Абдулла Аль-Халифа арнайы келді. Оның айтуынша, Астанада жел күшті болғандықтан, мұндай ауа райы атқыштар үшін нағыз сынақ алаңы.

Шейх Али бин Абдулла Аль-Халифа, Азия атқыштар федерациясының президенті:

Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігіне осы спорт түріне ықылас білдіріп отырғандарына алғысым шексіз. Азия атқыштар президенті ретінде, бүгінгі жарысқа деген дайындықтарыңызға таң қалып отырмын. Біз, Азия атқыштар федерациясы, болашақта Қазақстандық атқыштар федерациясын қолдап отырамыз.

Жүлде қоры қомақты. 315 мың доллар. Бұл «EXPO-2017» Гран-приі. Ақшалай сыйлық жарыстың соңғы күні ең мықты деген 6 ер адам және 6 әйелден тұратын 12 атқыш арасында ойнатылады. Ұйымдастырушылар 5 STAND GLOBAL чемпионаты ұдайы өткізуді жоспарлап отыр. 

Диана САПАРҚЫЗЫ