Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде алғаш рет "Алтын жебе" халықаралық турнирі өткізіледі

  • AstanaTV
  • 07 тамыз 2017
  • 2586

Елде тұңғыш рет "Алтын жебе" халықаралық турнирі өткізіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан мәлімдеді. Шараның басты мақсаты - ұлттық ойындарымызды әлемге дәріптеу.

Жамбы ату сайысына әлемнің 25 елінен 50-ге жуық қатысушы келеді. Біздің елден "Алтын жебеде" бес спортшы бақ сынамақ. Олар жамбы атудан ҚР чемпионаттарының біренеше дүркін жүлдегері атанған мергендер. Халықаралық турнир 12-13 тамызда Астанадағы Қазанат атшабарында туын көтереді. ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеуханның айтуынша, ешкім жүлдесіз қайтпайды. Жүлде қоры қомақты, ол алғашқы бестікке беріледі.

Бекболат Тілеухан, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті:

Ұлттық спортқа келген кезде, елдің қызығыушылығы өте жақсы. Өйткені былтырғы жылы бәйгелерде басқаларда халықтың келуі өте қуанарлық дәрежеде болды. Дегенмен, бұл да аздық етеді. Әлі де келсе екен, көрсе екен. Өзінің ата дәстүрін тамашаласа екен деген ойымыз бар.