Русский Сайттың толық нұсқасы

7 айда Қазақстан «қара алтынының» құны 12,5 пайызға қымбаттады

  • AstanaTV
  • 08 тамыз 2017
  • 2127

Жыл басталғалы Қазақстан "қара алтынының" құны 12,5 пайызға қымбаттады. Шілдеде отандық өнімнің тоннасы 43,7 мың теңгеге саудаланған. Бұл туралы LS басылымы хабарлайды.

Қызылорда мұнайы қымбат. Өткен айда тоннасы 58,7 мың теңгеге бағаланды. Құны жыл басынан 10,8 пайызға өскен. Одан кейінгі орында Ақтөбе мұнайы. Оның тоннасы 50,8 мың теңгеге айтарлықтай артқан. Атырау өнімінің тоннасы 41,6 мың теңгеге, Маңғыстау мұнайы 40,4 мың теңгеге қымбаттаған. Дегенмен, шілдеде бензиннің тоннасы 128,2 мың теңгені құрады. Ал дизельді отынның тоннасы 125,6 мың теңгеге жеткен.