Русский Сайттың толық нұсқасы

Жампозовтың ұлы прокурорға күш жұмсаған

  • AstanaTV
  • 08 тамыз 2017
  • 2575

Тергеуші мен прокурорға оқ атып, кейін өзіне қол салған Өмірбек Жампозовтың ұлы прокурорға күш көрсеткен. Осыған байланысты құқық қорғау органдары Ақмола облыстық ішкі істер департаментіне шағым жазған. Бұл іс Қылмыстық кодекстің билік өкілдеріне жәбір көрсетті деген бабымен тіркелген.

Гүлнар Пинчук Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Қазіргі таңда тергеу басқармасында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380 бабы, билік өкілдеріне күш көрсетті деген баппен, және 409 баптың екінші бөлімі билік өкілдеріне қауіп төндіргені үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске салсақ, «ҚазСуШар» кәсіпорнының бас директоры Өмірбек Жампозов 20 шілде күні өзіне қол салды. Оған 620 миллион теңгені жұмсады деген айып тағылған. Кейін оның сот үкіміне күмән келтірген бейнежазбалары ғаламторда жарияланды. Жаға ұстатқандай қайғылы жағдайды Бас прокуратура бақылауға алатынын мәлімдеді. Суицидке итермелеу ісі Ішкі істер министрлігіне тапсырылды.