Русский Сайттың толық нұсқасы

Астана әкімшілік сотында 6 айдың ішінде 16 жарым мың іс қаралды

  • AstanaTV
  • 08 тамыз 2017
  • 2754

Елордада әкімшілік істердің қаралуы ілгері жылжып келеді. Бұл туралы бүгін Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы баспасөз жиынында мәлімдеді. Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында биыл 6 айдың ішінде 16 жарым мың іс қаралды. Тек жеке тұлғаларға қатысты әкімшілік іс - 15 857. Көлік жүргізу құқынан айырылғандар саны - 1 767. Ал 11 806 адамға 497 миллионнан артық айыппұл салынған. Қазір  өндіріліп алынған сома 203 млн 350 мың теңге шамасында.

Уәлихан Рахматтулаев, Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы:

Шетелдіктерді еліміздің аймағынан тысқары шеттету түріндегі жазасы 967 адамға қатысты қолданылса, ескерту түріндегі жаза 137 адамға қатысты қолданылды.