Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда бір күнде балалардың қатысуымен үш бірдей жол апаты тіркелді

  • AstanaTV
  • 08 тамыз 2017
  • 2659

Алматыда бір күнде балалардың қатысуымен үш бірдей жол апаты тіркелді. Ең ірісі - жүк көлігімен қоғамдық автобус соқтығысып, 6 адам жарақат алды. Оның төртеуі бала және араларында жүкті әйел бар. Алдын-ала мәлімет бойынша, тонналық күші бар жүк көлігі бұрылыстан шығып, жолда келе жатқан автобусты байқамай қалған. Салдарынан қоғамдық көліктің жолын бөгеп, ірі жол апаты болды. Оқиға болған жерге жеткен жедел жәрдем алты адамды ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер жолаушылар жарақаттарын жеңіл деп танып, амбулаторлық ем-доммен шектелді.

Ләйлә Иманғалиева, Алматы қалалық денсаулық сақтау департаментінің  бөлім басшысы:

Жол-көлік оқиғасы болған жерден жеткізілген науқастардың көбісінің диагнозы, ол жұмсақ тіндерінің соғылуы. Ауыр жарақат алған ешкім жоқ, тек бір баланың қолы сынған. Ешқандай ауруханаға жатқызуға қарсы айғақтар болмағаннан кейін, өзінің тұрғылықты жердегі емханасына бақылауға жіберілді.

Қазір жол апатына кінәлілерді полиция анықтауға кірісті. Жалпы, жыл басынан бері Алматыда 2 мыңнан астам көлік апаты тіркелген. Салдарынан 47 адам ажал құшты. Балалардың  қатысуымен 460 жол-көлік апаты болып, 3  жеткіншек көз жұмған. 

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД ресми өкілі:

Бұл жол апатында қоғамдық көлік пен жүк көлігі қатысуда. Аталмыш дерек бойынша іс қозғалды. Қылмыстық кодекстің 345 бабының нормалары бойынша сараптама тағайындалды. Сот сараптамасы медициналық сараптамасының нәтижесінде тиісті процессуалдық шешім қабылданатын болады. Біз анықтаймыз, қылмыстық іс қозғалады ма, әкімшілік іс қозғалады ма.