Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресейден импортталынатын маусымаралық дизель отынының литрі 155-160 теңге аралығында болады

  • AstanaTV
  • 09 қараша 2017
  • 2851

Ресейден импортталатын маусымаралық дизель отынының литрі 155-160 теңге аралығында, ал қысқы отынның құны одан 50-60 теңгеге жоғары болмақ. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «ҚазМұнайГазӨнімдері» ЖШС бас директоры Қуандық Құлмырзин мәлімдеді. Ресейден Қазақстанға импортталатын 90 мың тонна дизельдің 9 мың тоннасы қазір елімізге жөнелтілген.

Мағзат Дәулетияров, «Қазмұнайгазөнімдері» ЖШС қорларды басқару  және логистика департаменті басшысының орынбасары:

Дизель отыны қыстық дизель отыны. Сондықтан маусымдық салқындауға байланысты бұлар әуел бастан солтүстік өңірлерге ғана келеді. Оңтүстік өңірлер Қазақстанның Шымкент зауытынан сол жерден алады отынды.