Ұлыбритания Еуропалық одақтан 2019 жылдың 29 наурызында Лондон уақытымен 23.00-де шығады. Рейтерс агенттігінің хабарлауынша, ел үкіметі нақты уақыты көрсетілген өзгерісті заңға енгізілмек. Бұл дата бұған дейін де айтылған еді. Лондон Британия Еуропалық одақтан Brexit іске қосылған соң екі жылдан кейін шығатынын мәлімдеген еді.
Енді нақты уақытын сағатына дейін белгіледі. Brexit мәселесі жөніндегі министр Дэвид Дэвистің айтуынша, ол үшін қоғам белсенділері мен парламент мүшелері тыңдалған.
Айта кетейік, 2016 жылдың 23 маусымында Ұлыбритания Еуоодақ құрамынан шығу туралы референдум өткізді. Дауыс бергендердің 52 пайызы Brexit-ті қолдады.