Канстерапия деген ғылым бар. Ол арнайы асыл тұқымды иттердің көмегімен туа біткен сал ауыруына шалдыққан балаларды емдеуге, оларға психологиялық көмек көрсетіп, өмірге құштар етуге жәрдемдеседі. "Қазақстанның жаңа бейнесі" жобасына ұсынылған Ерлан Күмісқалиев осы жоба арқылы 300 баланы емдеп келеді. «Астана» телеарнасы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» бағдарламасында осы қайырымды жан туралы фильм көрсететін болады.
Қалайсың, ұмытып қалған жоқсың ба? Еркебұлан, өсіп кетіпсің ғой үп-үлкен болып. Мынау кім келді саған қонаққа? -Федя. Федяны жақсы көресің бе? - Ия.
Балақай төрт аяқты досын көріп, төбесі көкке жетті. Бір мезетке өзінің жанына батқан дертті де ұмытып кеткендей. Ерлан Күмісқалиев осындай сәтте ерекше қуанады. Табысты кәсіпкер, танымы кең азамат науқас балаларға көмектесуді жөн көрген. Себебі отбасында осындай балалары бар аналардың көбі жалғызбасты екен.
Ерлан Күмісқалиев, «Атырау - маленькая страна» оңалту орталығының жетекшісі:
Біздің енді түсінгеніміз - осы бес жыл бойы практикада, ең бастысы, ең бақытты, ең қайратты, күшті ана өз баласын аяққа тұрғыза алады. Біздерде жаңағы айтып кеткен 300 жанұяның ішінде 300 ананың ішінде 70%-ы жалғызбасты аналар, оның іші жалғызбасты болған емес, кәдімгідей ажырасып кеткен.
Бұл жұмыс жаныма жақын болғанымен, кейде жүрегім ауырады, - дейді Ерлан. Ол емдейтін балалардың өмірге деген құлшынысы зор. Сондықтан таңдаған жолдан айныған емес.
Ерлан Күмісқалиев, «Атырау- маленькая страна» оңалту орталығының жетекшісі:
Мен оны шаршадым деп ешқашан да айтпаймын. Солар жазылып кетсе екен деп тілегімді білдіріп отыратын, солар жаңадан бір қимылдар жасап жатса, жаңадан бір нәрселер пайда болып жатса, сол менің демалысым.
«Қазақстанның жаңа бейнесі»
жобасы негізінде түсерілген Ерлан Күмісқалиев жайлы фильм ертең, сағат
20:45-те, «Астана» телеарнасынан көрсетіледі.