Русский Сайттың толық нұсқасы

БАӘ астанасында Лувр мұражайы ашылды

  • AstanaTV
  • 13 қараша 2017
  • 4761

Ван Гог, Матисс, Пикассо және басқа да аты тарихта қалған суретшілердің туындыларын көру үшін Париждегі Лувр мұражайына барудың қажеті жоқ. Көрменің көшірмесі Біріккен Араб Әмірліктерінде ашылды, - деп хабарлады Рейтерс.

ArtDaily таратқан ақпаратқа сай, брендті иемдену үшін арабтар жарты миллиард доллар жұмсаған. Араб Луврына шамамен 600-ге жуық экспонат қойылған. Оның жартысы - меншікті туындылар. Bloomberg болса, Эмират өкілдерін арт-нарықтағы белсенді сатып алушы деп атады. Мұражай ашылған алғашқы күндерде 5 мыңға жуық адам келеді деп күтіліп отыр.