Ақтөбелік самбошы Есет Қуанов Сочи қаласында өткен әлем чемпионатында қарсыласқа шақ келтірмеді. Қараша айының 9-ы мен 13-і аралығында жалауын көтерген бәсекеге әлемнің 90 елінен 600-ден астам палуан қатысқан.
Жарыс ерлер мен әйелдер арасында 9 салмақ дәрежесі бойынша өтті. Қазақстанның намысын 27 спортшы қорғаған. Олардың төртеуі Ақтөбе облысынан. Палуандарымыз 2 қола мен бір алтын медальды жеңіп алды. Әлем үздігі атанған 62 келі салмақ дәрежесінде күрескен Есет Қуанов. Ол финалда жарыс қожайыны Аслан Мудрановты 2:1 есебімен жеңді. Осылайша ақтөбелік палуан әлем чемпионатында елімізге жалғыз алтынды сыйлады.
Есет Қуанов, самбодан әлем чемпионы:
Самбоның бір носы олимпийский емес. Енді менің
ойым алда бар, осы дзюдоға күресіп, енді алдыға айтпай-ақ қояйын, бұйырса,
сыртқа шығып, үлкен-үлкен додаларда, жарыстарда топ жаруға тырысамыз. Барымызша
еңбек етемін. Ойда бар дзюдоға ауысу.