Мысырдағы қазақстандық студенттерді Ұлттық қауіпсіздік комитеті қамауға алған. Қазір Каирдегі Қазақстан елшілігі Мысыр билігінен ресми түсініктеме сұрап, қазақстандықтармен кездесуге жағдай жасауды талап етіп жатыр. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі осылай деп мәлімдеді. Министрлік Египет билігінен тек "олар дін аман, қауіпсіз жерде" деген қысқа жауап алған.
Әнуар Жайнақов, ҚР СІМ ресми өкілі:
Бейресми
ақпаратқа сүйенсек, бірнеше терактіден соң төтенше жағдай енгізіліп, Мысыр
аумағында елдің қауіпсіздігіне қауіп төндірген деген күдікпен адамдарды ұстау
операциялары жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты елшілік Египеттегі Қазақстан
азаматтарына жергілікті жердің заңдылықтарын сақтау туралы ақпараттық
түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Еске
салсақ, Мысырда араб тілін меңгеруге кеткен қазақстандық 6 студент 5 күннен бері
байланысқа шықпай қалған болатын. Кейін оларды полицейлер ұстап алғаны белгілі
болды. Студенттердің туыстары олар Катар қайырымдылық қорының демеуімен тілді
дамыту курсына барғанын айтты.