Русский Сайттың толық нұсқасы

Таяу Шығыс елдерінде 300-ге жуық қазақстандық оқып жүр

  • AstanaTV
  • 27 шілде 2017
  • 1809

Араб елдеріне балаларын оқытуға жібермес бұрын, ата-аналар ақылға салу керек. Мысырдағы студенттердің ұсталуына қатысты пікір білдірген Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің өкілдері осындай кеңес берді.

Таяу Шығыс елдерінде 300-ге жуық қазақстандық оқып жүр. Оның көбі Мысыр мен Сауд Арабиясында. Бұл министрлік мәліметі. Біразы түсіндірме жұмыстарынан соң елге оралған. Оның үстіне қазір Египетте радикалды ағым өкілі тұрмақ, марказ деп аталатын күмәнді оқу орталықтарында, діни немесе тілдік курстарында оқитындар құқыққорғау органдарының назарына ілігіп жатқанын мәлімдеді.