Русский Сайттың толық нұсқасы

Жеңілдетілген ипотекалық несие бағдарламасына екінші деңгейлі банктер де қатысуы мүмкін - ИДМ

  • AstanaTV
  • 15 қараша 2017
  • 3039

"Нұрлы жер" бағдарламасы аясында биыл бюджеттен 120 млрд теңге бөлінген, оның 88,3 млрд теңгесі өңірлерге аударылды. 10 айдың қортындысы бойынша  қаражаттың 90 пайызға жуығы игерілген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Инвестициялар және даму министірлігі құрылыс және тұрғын үй коммуналды шаруашылық комитетінің төрағасы мәлімдеді. Оның сөзінше, жеңілдетілген ипотека бағдарламасына 2-ші деңгейлі банктер де қатысуы мүмкін. Ол үшін біршама әрекеттер жасалып жатыр. 

Мархабат Жайымбетов, ҚР ИДМ құрылыс және ТҮКШ комитетінің төрағасы:

Ұлттық банктің базалық ставкасы былтыр 12 пайыз еді, қазір 10,25 пайыз, оған 5 пайыз қосып, 15-25 пайызбен беру керек. Олар сұрап отыр 16 пайыз етіп қалдырсаңыздар, біз 8 мың займды берейік деп. Өзгерістер енгізілді. 2-ші деңгейлі банк сұранысын қанағаттандыру туралы.

Бағдарлама бойынша жеке меншік компаниялармен келісіп салынатын үйлерде мемлекеттік қадағалау болмайды. Бұл өз кезегінде тұрғын үй сапасының нашар болуына әсер ететіні белгілі. Жайымбетов: «Мердігер компания өзінің абыройы үшін үйді сапалы етіп салуына тура келеді»,- дегенді айтты.

Мархабат Жайымбетов, ҚР ИДМ құрылыс және ТҮКШ комитетінің төрағасы:

Бұрынғыдай мемлекеттік комиссия жоқ. 4-ақ адам қабылдайды. Тапсырыс беруші, мердігер, техникалық қадағалаушы және авторлық қадағалаушы. Мен айтар едім сапасы қанағаттанарлық болады деп. Барлық мердігер бірдей емес. Сондықтан сыни көз қарас бар.