Русский Сайттың толық нұсқасы

400-дей қазақстандық жас ДАИШ-тің құрығына түскен - Н.Назарбаев

  • AstanaTV
  • 16 қараша 2017
  • 2625

400-ге жуық қазақстандық жас ДАИШ террорлық ұйымының құрығына түскен. Бұл туралы апта басында «Astana club» отырысының жабық жағдайда өткен жиынында Президент Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеген. Бүгін ақпарат Ақорданың youtube желісіндегі ресми арнасына шығарылды.

Елбасының сөзінше, Таяу Шығыстағы содырлар қатарына көбіне діни сауаты төмен жастар қосылады. Алайда уақыт өткен сайын ДАИШ-тың ықпалы әлсіреп барады. Адасқан жастардың арасында еліне қайтқысы келетіндер көп екені байқалған. "Әлемді алаңдатып отырған лаңкестерге қарсы күресте күш біріктіру маңызды",- деді  Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті  (13.11.2017ж): 

Бір де бір ел онда террорлық әрекет болмайтынына кепілдік бере алмайды. Көбінде дамыған елдерде теракт оқиғалары болып жатыр, БҰҰ деңгейінде коалиция құрып, бұл қара ниеттілермен бірлесіп күресу керек. Бұлар болашаққа қауіп тудырмауы тиіс. 

Нұрсұлтан Назарбаев көптеген ғаламдық проблемалардың түйінін тарқатуға болады дейді. Тек оны шешуде дұрыс жолды таңдау маңызды. Еуразия Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы мен Азиядағы өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің бірлесе жұмыс істеуге мүмкіндігі бар. Олардың бірнеше жыл бойы дау-дамай тоқтамай тұрған аймақтарда күш біріктіре отырып қызмет етуіне болар еді. Президент мұнан бөлек, кезінде Үндістан мен Пәкістан арасындағы түйіткілдің түйінін тарқатуға Қазақстанның атсалысқанын еске алды. Яғни Азиядағы 16 мемлекеттің басшылары кездесіп, «соғыстың алдын алу» бойынша мәселе жүйелі шешілген.