Русский Сайттың толық нұсқасы

Сенат 3 жылдық бюджет жобасын мәжіліске қайтарды

  • AstanaTV
  • 16 қараша 2017
  • 2563

Сенат үш жылдық бюджет жобасына 116 өзгеріс пен түзету енгізіп, мәжіліске кері қайтарды. Премьер бастаған Министрлер кабинеті Парламентке 2018-2020 жылдарға арналған бюджет жобасын әкелген. Сенат "ақсақалдарының" батасын алуы тиіс басты қаржы құжатындағы 127,7 млрд теңгені жоғарғы палата өкілдері "үлкен шығын" деп санайды. Үш жылға тек 85,6 млрд жетеді деп отыр.

Ольга Перепечина, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

2018 жылы Үкімет қорын 4,8 млрд теңгеге кемітуді және Құрық портының құрылысына бөлінген 16,9 млрд теңгені қысқартуды ұсынамыз.

Сенаторлар, үнемделген қаражат бірқатар әлеуметтік жобаларға жұмсалса, дейді. Ал кейбір депутаттар республикалық транфертті бөлу кезіндегі әділдік принципіне күмән келтіретінін айтып қалды. Қазақстан қазынасына қыруар ақша құятын негізгі донорлар ретінде 4 аймақ бар. Алматы, Атырау, Маңғыстау. 2015 жылдан бастап бұл тізімге Астана қосылған. 

Сәрсенбай Еңсегенов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Алматы қаласына 102 млрд алады, трансферт берілетін 40 млрд жақын, Астанада 20 млрд алынса, берілетін трансферт 98 млрд, Атыраудан 98 млрд алынғанмене берілетін трансферт 4-ақ млрд, Маңғыстау облысынан 31 млрд алынса, берілетін трансферт 7-ақ млрд.