Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекеттік органдардың электронды құрылғыларына күніне 180 миллиондай кибершабуыл жасалады

  • AstanaTV
  • 16 қараша 2017
  • 2633

Мемлекеттік органдардың электронды құрылғыларына күніне 180 миллиондай кибершабуыл жасалады. Бұл туралы Бас прокуратурада өткен қоғамдық қауіпсіздік тақырыбындағы конференцияда белгілі болды. Қазақстан киберқауіпсіздіктің жаһандық индексінде 165 елдің арасында 83-ші орында тұр. Құқық қорғау органдары академиясының бас маманы Ләззат Теміржанова осындай мәлімет келтірді.

Ләззат Теміржанова, ҚР Бас прокуратурасы құқық қорғау органдары академиясының бас ғылыми маманы:

Бұл төмен көрсеткіш. Қылмыскерлерді жауапқа тартатын баптардың санкцияларын күшейту керек деген ұсыныс бар. Киберқылмысты зерттейтін мамандардың біліктілігін арттыру да маңызды. Яғни IT технологиядан хабардар болуы керек. Күдіктіні анықтай алмағандықтан, қаншама іс жарты жолда жабылып жатыр. Сондықтан мамандарды оқытып, осы бағытты дамыту қажет.