Русский Сайттың толық нұсқасы

Жер қойнауын пайдаланушылар жаңа экологиялық кодекс керек дейді

  • AstanaTV
  • 16 қараша 2017
  • 2025

Жер қойнауын пайдаланушылар жаңа экологиялық кодекс қажет деп есептейді. «Нұр Отан» партиясының кеңейтілген отырысында Тау-кен өндіру ассоциациясының директоры Николай Радостовец осындай ұсынысын жеткізді.

Депутаттар мен сала мамандары жер қойнауын пайдалану туралы заңның жүзеге асырылу барысын талқыламақ болған. Алайда, Радостовецтің пікірінше, жаңа экологиялық кодекс қабылдаудың маңызы зор. Қолданыстағы заң ескірген, кемшін тұстары да көп дейді. Пайдалы қазбаларда қайта өңдеуге қатысты да өзгертетін тұстар баршылық. Мұндай өнімдердің  20 млрд тоннасы бар дейді маман. Егер оған салынатын салық көлемі азайса, жер қойнауын игеретіндер жұмысқа кірісуге дайын көрінеді.

Николай Радостовец, Тау-кен өндіру ассоциациясының атқарушы директоры:

Бірден үш төлем шығады. Алғашқысы табыс салығы 20 пайыз, кейін қосымша салық тағы 20 пайыз - бұл өте көп шығын. Сондықтан осы мәселені шешуге көмек көрсетулеріңізді сұраймын

Бақтықожа Ізмұхамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Қолданыстағы заңды пайдаланған кезде тек көмірсутекті шикізаттар үшін шет елдік инвестиция көлемі 4 млрд-тан 8 млрд-қа дейін болатын. Ал 2015 жылдан бастап бұл көрсеткіш әлдеқайда төмендеді, 2,8 млрд қана құрады. Жер қойнауын пайдалану жөнінде жасалып отырған жұмыстарды оңтайландыру үшін жасалған іс-шара.