Русский Сайттың толық нұсқасы

Сауд Арабиясы билігі қамаудағы ханзадаларға ымыраға келуді ұсынды - Financial Times

  • AstanaTV
  • 17 қараша 2017
  • 2611

Сауд Арабиясының билігі қамауға алынған ханзадаларға ымыраға келуді ұсынды, деп хабарлайды Financial Times. Егер олар дүние-мүлкінің бір бөлігін мемлекетке беріп, ханзада Әл Саудқа адал қызмет етеміз деп ант су ішсе, бостандыққа шығады.

Қазір ханзадалар 5 жұлдызды Ритц Карлтон қонақ үйінде қамауда отыр. Жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінген олардың байлығында есеп жоқ. Кейбірінің мүлкі 35 млрд долларға жетеді. Бұл ақшаның қанша бөлігін мемлекетке аударатынын болжай беріңіз. Қамаудағы бай-манаптар ел билігімен ымыраға келіп, байлығымен бөлісуге дайын. Мәселен, бір ханзада ақшаңның 70 пайызын қазынаға аударасың деген шартпен келіскен.

Еске салайық, 5-ші қарашада Сауд Арабиясы билігі корольдің отбасы мүшелеріне жататын 11 ханзаданы тұтқындады. Олардың көбі экс-министрлер болса, төртеуі қазіргі министрлер екен. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ