Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы 927 адам жеңілдетілген ипотекалық несие рәсімдеген

  • AstanaTV
  • 17 қараша 2017
  • 3655

Жыл басынан бері "Нұрлы жер" бағдарламасы арқылы 927 адам жеңілдікпен ипотекалық несие рәсімдеген. Мәжілістегі «Нұр Отан» фракциясының мүшелері аталған мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылуы бойынша соңғы есеп-қисапты тыңдады. Банк үстемақысының 7 пайызын мемлекет мойнына алатын мұндай жеңілдік өткен жылы енгізілген. Бұл жоба сегіз мыңдай ипотекалық несиені жеңілдікпен беруді қарастырады.

Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасына 744,8 млрд теңге бөлінді. Оның 279 млрд теңгесі жер үй салуға, 465,8 млрды көп қабатты үй құрылысына арналған. Жеке үй салу үшін, коммуналдық желілер тартылуы тиіс. Рейтинг бойынша Маңғыстау, Ақтөбе және Атырау облыстары көш басында келеді. Кредиттік баспанамен қамтуда Қызылорда, Қостанай, Жамбыл облыстары межені 100 пайызға орындаған. Ал арендалық баспана бойынша көрсеткіштер едәуір төмен болып шықты.

Сергей Симонов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

10 айда барлығы 3-ақ пайыз салынған. Ал 150 мың шаршы метр баспана қолданысқа беріледі деп жоспарланыпты. Қалған 2 айда 100 пайыз орындаймыз деп ойлайсыздар ма?

Бақытжан Качаков, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, құрылыс және ТҮКШ комитеті төрағасының орынбасары:

Бұл биыл енгізілген жаңа бағыт болған соң, қаражат осы жылы ғана бөлінді. 10 айдың нәтижесі бойныша 78 пәтер қолданысқа берілді.